Ақтауда 50 жыл жөндеу көрмеген жылу құбырлары жаңартылды
Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жылдары 44 шақырым магистралдық жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Биыл жобаның 1-ші кезеңі бойынша тозығы жеткен 11,5 ш/қ жылу құбыры толық ауыстырылды.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 млрд.теңге бөлінді. Бұл ақпаратты облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Сондай-ақ, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы шұғыл шаралар кешені қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен қуаты 65 МВт құрайтын 9 блокты модульді жылу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар Ақтауда тұрғын үйлерге 479 автоматтандырылған жылу басқару торабы орнатылды.
Аталған жылу басқару тораптары жылу энергиясын тиімді қолдануға жол береді.

Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйелеріне жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жайы аймақ басшылығының қатаң бақылауында. Ақтау қаласының жылу желілерін жаңарту бойынша облыс әкімдігімен тиісті іс-шаралар атқарылуда.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"