Ақтауда 35 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелмек
Ақтаудың 35 жастағы тұрғыны оныншы балаға аяғы ауыр. Үлкен баласы қазір 19-да, ал кішісі 9 айлық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau басылымына сілтеме беріп.

Балалардың ата-анасы Сәкен мен Гаухар Ешмұхановтар 2001 жылы танысқан. Содан бері жас отбасының төрт ұлы мен бес қызы бар. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар егіздерді: ұл мен қызды тәрбиелеп отыр. Қазір көп балалы отбасы оныншы баланы күтіп отыр.
Семейде 51 жастағы әйел тұңғышын өмірге әкелді
Бос уақытында Гаухар Ешмұханова шығармашылықпен айналысады, мерекелік іс-шараларда ән айтады.
"Балаларды тәрбиелеу, оларға қарауға маған анам мен үлкен қыздарым көмектеседі. Олардың қолдауымен мен өзіме уақыт табамын. Үлкендер кішкентайларға қарап, үй тіршілігіне де көмектеседі", - дейді Гаухар Ешмұханова.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған