Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 23 жастағы жігіт үйленген күннің ертесінде суға батып кетті

Ақтауда 16 мамыр күні үш жігіттің Каспий теңізіне батып, көз жұмғаны белгілі болған еді. Марқұмдардың бірі қайғылы оқиғадан бір күн бұрын үйленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

батып кеткен

Төрт жігіт дауылға қарамастан 4А шағын ауданындағы тыйым салынған жерде теңізге шомылмақ болған. Қаза тапқандардардың бірі бір күн бұрын үйленген екен. 

"Екеуі суға шомылмақ болған. Қалған екеуі оларды құтқару үшін суға секірген. Құтқармақ болған жігіттердің бірін оқиға куәгері жағалауға алып шыққан. Ол – 1996 жылы туған Бейнеу қаласының тұрғыны. Жігіт ауруханаға жеткізілді, жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі батып кетті. Марқұмдардың бірі 1999 жылы туған Ақтау тұрғыны (киімінен жеке куәлігі табылған). Қалған екеуі Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғындары. Олардың барлығы батып кеткен Ақтау қаласы тұрғынының үйлену тойына келген", – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров. 



Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес, жас жігіттер демалған орыннан ішімдік бөтелкелері табылған. Үйлену тойы 15 мамырда өткен.

Талқылау