Ақтауда 12 жастағы қызды ұрған әйел қамауға алынуы мүмкін
Ақтауда ерекше қажеттілігі бар 12 жасар қызбен төбелескен әйел бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төбелес сәті видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше алдымен жанжал әйелдің ұлы мен қыздың арасында туындаған. Бірақ кейін дауға ұлдың анасы араласыпты.
"Арыз түсірген әйелдің сөзінше, көршісі ерекше қажеттілігі бар қызын ұрып тастаған. Шақыру бойынша барған полиция қызметкерлері деректі растады. Видеода қыздың шашын тартқан бала 36 жастағы әйелдің ұлы. Жанжалдың себебі – жасөспірімдер арасындағы дау. Әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жаннұр Таңатарова.
Қала тұрғынына қатысты екі бап бойынша хаттама толтырылған. Енді ол 52 мың теңге көлемінд айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамауға алынады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған