Ақтау тұрғынын бірнеше рет ұрлап әкетіп, жарты миллион теңге талап еткен
Ақтауда қылмыстық топ ер адамды бірнеше рет ұрлап, бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция күдікке іліген Toyota Camry көлігінің 27 жастағы иесін Ақтаудағы бизнес орталық ғимаратының артында ұстаған.
Жәбірленушінің айтуынша, бопсалаушылар бірнеше рет өзін ұрлап әкетіп, күш көрсетіп, соққыға жыққан. Онымен қоймай 500 мың теңге ақша талап еткен.
Полиция күдіктінің көлігінен оқталған әскери тапаншаны тәркіледі. Сондай-ақ оның пәтерін тінту кезінде бірнеше оқ-дәрі табылды. Қалған екі мекенжай бойынша бопсалаумен айналысқан тағы үш күдікті ұсталды. Олардың жасы 25, 26 және 28-де. Оларды тінту кезінде екі мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған