Ақтау тұрғындары жарылыс сезгендерін хабарлады
Ақтау маңында жарылыс болды деп болжануда, салдарынан пәтерлерде жер асты дүмпулері сезілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жер сілкінгені шамамен 17:17-17:25 сағатта сезіліп, қала маңында жарылыстан кейінгі пайда болған қою қара бұлттың фотосы таралған.
Lada.kz басылымына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарылыс туралы кезекші пультке хабарлама түспегенін хабарлады. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, жағдайға түсініктеме беретіні мәлімделді.
БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы да осы уақыт кезеңінде жер асты дүмпулерін тіркеген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін сейсмологтар Ақтауда магнитудасы бес балдан жоғары жер сілкінісі мүмкін емес деп мәлімдеген болатын.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.