Ақтау полициясы екі баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасының куәгерлеріне іздеу салды
Қалалық полицияның баспасөз қызметінің өкілі Бауыржан Әнуарбектің айтуынша, Toyota Carina маркалы автокөлік жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан екі баланы қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы 20 ақпан күні 11.30 шамасында 12-ші ықшам аудан мен 16-шы ықшам аудан аралығында орын алған.

Сурет lada.kz сайтынан алынды
“Көлік жүргізушісі оқиға орынынан тайып тұрған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қалалықтардан аталған оқиға бойынша анық-қанығын білетін жандар болса, полиция бөлімшесіне хабарласуын сұраймыз”, – деді Бауыржан Әнуарбек.
Зардап шеккен екі кәмілетке толмаған балаларға медициналық көмек көрсетілген. Күрделі жарақат алмағандықтан, олар үйлеріне жіберілген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған