Ақтау қаласының бас санитарлық дәрігерін Rixos қонақ үйіне кіргізбей қойды
Ақтаудың бас санитарлық дәрігері Әсима Жарылғасованы Rixos қонақ үйіне тексеруге кіргізбей қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кеше біз Rixos-қа тексеру үшін үшінші рет әрекет жасадық, бірақ біз оған қол жеткізе алмадық. Бүгін түскі астан кейін қонақ үйдің өкілдері бізге неге рұқсат бермейтіндігін түсіндіреді. Біз мемлекеттік органбыз, сондықтан мұндай әрекеттер біздің жұмысымызға кедергі келтіреді», - деді Әсима Жарылғасова Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында.
Санитарлық дәрігер демалу орындарына тексеру алдын-ала ескертусіз жүргізілетінін түсіндірді. Мобильді тексеру тобы рейдтік шараларды шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғастырмақ.
Бұған дейін шенеуніктер Rixos Aktau-ға турлардың бағасын 256 мың теңге екенін түсіндірген болатын. Осы бағаға авиабилеттер мен қонақ үйлерде үш күн және екі түн тұруға болатыны айтылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"