Ақсулық әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген күдікті тұтқындалды
Павлодар облысы Ақсу қаласында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, күдіктінің кіәнсін дәлелдейтін айғақтар табылған.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, әйелді және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді", – делінген ПД хабарламасында.
Күдікті әйелдің танысы екені анықталған.
"11 шілдеде, түнгі сағат 3-тер шамасында, олардың арасында жанжал туып, 36 жастағы азамат 35 жастағы әйелді бірнеше рет пышақтаған. Артынша ол шуды естіп, оянып кеткен балаларды да пышақтап өлтірген", – деп қосты ПД өкілдері.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалған.
Еске салсақ, бұған дейін Ақсуда әйел мен оның 7 және 5 жастағы балаларының мәйіті табылғаны айтылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған