Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы пәтерлердің бірінде әйел мен екі бала өлі күйінде табылды

Ақсуда пәтерден әйел мен екі баланың пышақтап кеткен денелері табылды. Оқиға орнында криминалистер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 11:40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда", – дейді департаментте.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Талқылау