Ақша жымқырды деп айыпталған: Маңғыстау спорт басқармасының басшысы ақталып, қызметіне қайта оралды
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев сот үкімі бойынша ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қанат Жұмабаев Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметін жалғастырады.
"Қанат Жұмабаев ресми түрде 2023 жылдың 19 шілдесінде жұмысқа оралды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тергеу әрекеттері мен сот процесі кезінде облыс басшысының міндетін дзюдодан әлем чемпионы Айбек Имашев атқарды.
Қанат Жұмабаев 2022 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезде жұмыс орнында ұсталған. Дереккөздің хабарлауынша, шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінген.
Мамыр айының соңында Ақтау соты Қанат Жұмабаевқа ақтау үкімін шығарды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы