Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде 100 киіз үй жібереді
Журналист Нұрбек Бекбау Түркияға гуманитарлық көмек ретінде 100 киіз үй жіберілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналистің сөзінше, қазақстандықтар 20 миллион теңгеден астам қаржы жинаған.
"Міне, 45 киіз үйді сатып алуға ақшасын аудардық. Бұған 17 млн 300 мың теңге кетті. Енді 2 млн 700 мыңға тағы да 10 киіз үй аламыз. Бірер минутта киіз үйлердің видеосын жариялаймын. Кәсіпкер ағалар 50-ге жетердей киіз үй сатып алып, әуежай қоймасына қойды. Яғни бізден 50-ден астам және жеке кәсіпкерлерден 50, жалпы 100-ден астам киіз үй Түркияға жіберіледі", – деп жазды ол Facebook-парақшасында.
Осылайша Түркияға барлығы 100 киіз үй жіберіледі екен.
"Ақша жіберуді тоқтатайық", - деп түйіндеді Нұрбек Бекбау.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?