АҚШ Украинаға кассеталық оқ-дәрілер беретін болды
Ұзақ пікірталас пен талқылаудан кейін АҚШ президенті Джо Байден Украинаға кассеталық оқ-дәрі жеткізуді мақұлдады. Дегенмен Ақ үй қарудың бейбіт тұрғындарға қауіп төндіретінін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқыда АҚШ-тың Украинаға кассеталық оқ-дәрілер беретіні туралы ақпарат жай ғана қауесет болатын. Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан бұл шешімге келудің оңай болмағанын жеткізді. Нәтижесінде оны президенттің барлық кеңесшілері қолдағанын атап өтті.
Салливан Украинада артиллериялық снарядтар жоқ екенін түсіндірді. Бірақ кассеталық оқ-дәрілердің бейбіт тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін екенін мойындады.
"Біз кассеталық оқ-дәрілердің жарылмаған оқ-дәрілерге қарағанда бейбіт тұрғындарға зиян келтіру қаупі жоғары екенін мойындаймыз. Сондықтан шешімді мүмкіндігінше кейінге қалдырдық", – деді Салливан.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"