АҚШ-тың бас хирургі: Бетперде коронавирустан қорғамайды
АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды", - деп жазды Джером Адамс.
Оның айтуынша, бетперде медициналық қызметкерлердің өзін және өзгелерді жұқтырмауы үшін керек.
"Вирустан қорғанудың басты жолы - күнделікті гигиена сақтау", - деді ол.
Бұған дейін коронавирустың күтпеген жерден оң әсері байқалғаны туралы айтылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"