"АҚШ-тан арнайы алдырдық": Мадина Сәдуақасова ұлына берген сыйлығын көрсетті
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлына дайындаған сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Өнер иесі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан ұлына аяқкиімге тапсырыс берген.
“Біз де ұлымызға сыйлық жасадық. Спорттық аяқкиімімізді ашып көрмекпіз. Америкадан арнайы Әнуар үшін келді. Өзі қатты армандады. Осы аяқкиімнен басқа ештеңе керек емес деді. Бірден төртеуіне тапсырыс бердік. Құтты болсын!”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, өнер иесі ұлына құны 40 миллион теңге тұратын көлік сыйлап, ел талқысына түскен еді.
“Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Салондағы менеджерлер Расул мен Санжарға алғысымызды айтамыз. Бәрі жоғары деңгейде болды. Нөмірін де алдық. Құтты болсын, жаңа көлік! Туған күн жалғасып жатыр. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!” – деп жазған еді әнші.