АҚШ-тағы орман өрті: “Болашақ” орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталықтың мәліметінше, қазір Калифорния штатында 73 стипендиат білім алып жатыр. Оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының 56, ал ғылыми тағылымдама бағдарламасының 17 стипендиаты бар. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.
"Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз", – делінген "Халықаралық бағдарламалар орталығының” хабарламасында.
АҚШ-тағы Трамп қонақүйінің алдында Tesla көлігі жарылып кетті
Орталық барлық стипендиатты абай болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан консулдығына хабарласуға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті басталып, өрттің орман маңындағы және Лос-Анджел қаласындағы үйлерге тарағаны туралы жазған едік.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты