Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жолдан өту барысында телефон қолданған жандарға айыппұл салынады

АҚШ-тың Гонолулу қаласында (Гавайи штаты) жолдан өту барысында жүргіншілерге электронды құралдарды пайдалануға тыйым салынды.

Cell-Phone-Crossing-Road

Бұл туралы шетелдік Reuters агенттігі хабарлады.

Жолдан өту барысында телефонға немесе ноутбукқа зер салған жүргіншілер 15 пен 35 доллар аралығында айыппұл төлейтін болады. Ал екінші рет тәртіп бұзғандарға 99 долларға дейін айыппұл салынбақ. Ал шұғыл қызмет көрсету орталықтарына телефон соғу тәртіп бұзғанға жатпайды.

Бұл ретте кейбір америкалықтар билікті адамдардың әрекетін бақылауда шектен шыққан деп айыптап үлгерді.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-та 2000– 2011 жылдары электронды құралға зер салып, жолдан өткен жүргіншілердің салдарынан 11 мың жан жарақат алыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді

Ресейде Орталық Азияның 7 тумасы терактіге қатысты күдікпен ұсталды

Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова тұтқынға алынды

Билл Гейтс әлемдегі ең бай адам атағынан айырылып қалды

Талқылау