АҚШ-та судья алғаш рет істі қарау кезінде қылмыс орнын виртуалды шындық көзілдірігімен көрді
Флоридада судья Эндрю Сигель алғаш рет қылмыс орнын виртуалды көзілдірікпен тексеріп тарихқа енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: WPLG
Виртуалды шындық көзілдірігі сотқа бейнебақылау мен фотосуреттерден де қызық тәжірибе ұсына алады. Мұнда жасанды интеллект виртуалды көріністі шынайы ете түседі.
Бровард округінің судьясы Эндрю Сигельге сотталған Мигель Альбисудың қорғаушысы виртуалды көзілдірік киюді өтінді. Сол арқылы үйлену тойы өткен жер мен оқиғаны көрсеткісі келген. Мигель Альбисуға 2023 жылы Southwest ranches мейрамханасында қонақтарға мылтық кезеді деген айып тағылды. Сондай-ақ қарумен өлімге әкелетін ауыр шабуыл жасады деп айыпталып отыр. Альбису кінәсін мойындамай бұл әрекетті өзін-өзі қорғау үшін жасағанын жеткізді.
Альбису Флорида заңын қолданатынын жеткізді. Бұл меншік иелеріне өздерін, отбасыларын және мүліктерін қорғау үшін қаруды қолдануға мүмкіндік береді.
Оның қорғаушысы Билл Энглер судьямен бірге виртуалды шындықты киіп, 17 желтоқсандағы тыңдау кезінде қылмыстың болжамды орнын көрсетті. Қорғаушылар мен айыптаушылар да виртуалды көзілдірікті бірге киді.
Адвокат онда айыпталушының қимылын көрсетіп, қаруды өзіне қауіп жақындағанда қолданғанын алға тартты.
Адвокат Кен Падовиц мұны АҚШ-та виртуалды шындық көзілдірігін қылмыстық істе қолданған бірінші іс екенін айтты.
"Сонымен, біз бүгін судьяға клиентімнің өз өмірі үшін өзін-өзі қорғау үшін тапаншаны қолданған оқиғасының компьютерлік анимациясын көрсетіп қана қоймай, виртуалды шындықта ұсындық", – деді Билл Энглер.
Егер судья технологияға қанағаттанса, оны алқабилер де қолдана алады. Алайда бұл мәселе Сигель шешім қабылдағанға дейін сотта қаралуы керек.