АҚШ-та республикашылдар Байденге импичмент жариялауды талап етті
АҚШ өкілдер палатасының республикашыл мүшелері президент Джо Байденге импичмент жариялайтын қарар дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар тергеуді жалғастыруды талап етті. Қарар Солтүстік Дакота конгрессмені Келли Армстронгтың атынан қарауға ұсынылды.
Өкілдер палатасының қадағалау және есеп беру, кірістер мен шығыстар және сот комитеттерінен импичмент процедурасын жалғастыру талап етілді.
Құжат мәтінінде өкілдер палатасы импичмент жариялауына негіздің бар-жоғын анықтауды сұрады.
Заң шығарушылар қарарды 12 желтоқсанда қарайды деген үміт бар.
Бұған дейін Америка конгресі өкілдер палатасының сот комитетінің басшысы Байденге импичмент жариялау туралы шешім 2024 жылдың басында қабылданатынын айтқан.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар