АҚШ-та мысықтан қорыққан ерлі-зайыптылар полиция шақыртты
GettyImages Висконсин штатындағы полицияға ерлі-зайыптылардан қоңырау түсті. Олар өздерін үйдегі мысықтың қамауында қалып, сыртқа шыға алмай отырғандығын айтқан.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
“Сізге біртүрлі болып естілетін шығар, бірақ, біздің үйдегі мысық құтырып, күйеуімді шабуылдады”, – деді әйел полицейлерге.
Мұндай жағдайда не істеу керектігін білмеген ол, тәртіп сақшыларынан кеңес сұрапты. Ақыры ерлі-зайыптылардың үйіне келген полицейлер құтырған үй жануарын өздерімен бірге алып кеткен. Ал үй иесі мен оның әйелі мысықтың шабуылынан зардап шекпеген болып шықты.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен