Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та алқабилер Трампты 34 бап бойынша кінәлі деп санады

Нью-Йорктегі алқабилер АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

трамп

Дональд Трамп қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған алғашқы бұрынғы президент болды.

Оған 34 бап бойынша айып тағылды. Алқабилер оны барлық бап бойынша кінәлі деп тапты.

11 шілдеде шешім шығады. Бір жарым айға созылған сот отырыстары аяқталды.

Істің барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа көптеген куәгерлер шақырылып, прокурорлар мен экс-президенттің адвокаттары жауап алды.

"Біз күресуді жалғастырамыз, соңына дейін күресіп, жеңеміз. Өйткені еліміз тозаққа айналды. Біздің еліміз бұрынғы қалпын жоғалтты, тек тәртіпсіздік жайлады", – деді ол.

Бұрынғы президент қазіргі АҚШ әкімшілігін айыптады.

"Мұны Байден әкімшілігі саяси қарсыласқа зиян келтіріп, оны құрту үшін жасады", – деді Трамп.

Джо Байденнің командасы алқабилердің шешіміне түсініктеме беріп, ешкім заңнан жоғары емес екенін мәлімдеді.

"Дональд Трамп өзінің жеке пайдасы үшін заңды бұзып, ол үшін жазаға тартылмайтынына сенімді болды", – деді Байденнің сайлауалды штабының өкілі Майкл Тайлер.

Дональд Трамп 2016 жылғы президенттік сайлау алдында порноактриса Сторми Дэниэлске 130 мың доллар төлеп, құжат жазбаларын бизнес жазбаларын бұрмалады деп айыпталды. Сторми Дэниэлс Трамппен 2006 жылы жыныстық қатынасқа түскенін және президенттің бұрынғы адвокаты Майкл Коэн оған бұл туралы тіс жармасын деп ақша төлегенін айтты. Алайда Трамп бұл ақшаны заңгерлік қызмет үшін ретінде рәсімдеген.

Трамп ешбір кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді, сонымен қатар Дэниэлспен жыныстық қатынасқа түспегенін айтты.

Трамптың заңгерлік тобының жетекшісі Тодд Бланш Трампты порноактриса бопсалағанын айтты. 

Талқылау