АҚШ-та адам бақылауынсыз жүргізілетін көліктердің қозғалысына рұқсат етілді
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік басқармасы (NHTSA) автономды басқарылатын автомобиль өндірісінің жаңа ережелерін жариялады. Енді өндірушілерге егер көлік автономды басқару жүйелерімен жабдықталған болса жүргізуші орындығы, руль дөңгелегі және басқа да басқару элементтері жоқ көлік шығаруға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тек автоматтандырылған жүргізу жүйесін (Automated Driving System, ADS) басқаруға арналған көлік құралдары үшін қолмен басқару жүйелерінің болуы міндетті емес", – деді ведомствода.
Департамент бекіткен жаңа ережелер 2020 жылдың наурыз айында ұсынылды. Құжатта автоматтандырылған көлік құралдары адам басқаратын автомобильдер сияқты жолаушылар қауіпсіздігінің бірдей деңгейін қамтамасыз етуі керек екендігі көрсетілген.
Жаңартылған ережелерде апат кезінде тиісті қорғаныс деңгейін ала алмайтындығына байланысты балалар өзі басқарылатын көліктің жүргізуші жақ орындығына бәрібір де отырмауы керек делінген. Бұндай жағдайда дрон қозғалысты дереу тоқтатуы керек.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады