AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-ты қоңыздар басып қалды

АҚШ-тың бірнеше штатында цикадалар қаптап кетті. Тұрғындар оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде қорқынышты кадрларды бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

NBC News хабарлауынша, Вирджиния, Мэриленд және Джорджия штаттары жәндіктерден қатты зардап шекті. Жақын арада АҚШ-тың шығыс жағалауындағы аймақтарда да цикадалар көбеюі мүмкін.

Мұндай жағдай 17 жылда алғаш рет болып жатыр. Цикадалар жылы ауа температурасының нәтижесінде ұйқыдан оянған. Жәндіктер адамдарға да, үй жануарларына да қауіп төндірмейтініне қарамастан, олардың асфальттағы, ағаштардағы және қоршаулардағы топтары қорқынышты көрінеді.

"Бұл ерекше тәжірибе, өйткені аталмыш жәндіктер бір айға немесе одан да көп уақытқа шығады", — деді Коннектикут университетінің энтомологы Джон Кули.

Тұрғындар цикадалардың әнін де видеоға түсіріп жатыр.

Айта кетейік, цикадалардың әр шабуылына нөмір беріледі, қазіргісі "х ұрпағы" деп аталады. Оны "Ұлы Шығыс ұрпағы" деп те атайды, өйткені жәндіктер қаптаған штаттардың көпшілігі елдің шығысында орналасқан.

Ұзақ ұйқыдан оянғаннан кейін цикадалар жер бетіне шығады, олар ескі терісін тастап, жаңасының қатаюын күтеді. Осыдан кейін жұптасу маусымы басталады. Жәндіктерде жұп тауып, жұмыртқа салуға бірнеше апта кетеді, содан кейін олар өледі. Бүкіл процесс ән айтумен қатар жүреді, шу деңгейі мотоцикл қозғалтқышының немесе джекаммердің дыбысына жетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр