АҚШ Ресейге долларлық банкноттарды жеткізуге тыйым салды - Байден жарлығы
АҚШ президенті Джо Байден Ресейге долларлық банкноттарды сатуға немесе басқа да жолмен жеткізуге тыйым салу туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті қол қойған жарлық Ақ үйдің сайтында жарияланды.
Бұйрық бойынша: АҚШ-тан немесе америка азаматының Ресей Федерациясының үкіметіне немесе Ресейдегі кез келген тұлғаға АҚШ долларын тікелей немесе жанама түрде экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар Байден Ресейден алкоголь, гауһар тастар мен теңіз өнімдерін әкелуге, елге сәнді тауарларды экспорттауға шектеу қойды.
Бұған дейін АҚШ Мәскеуден мұнай, газ және көмір сатып алудан бас тартқан еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған