АҚШ президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ президентінің әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.
- Қазақстандықтар 2021 жылы наурыз айында қанша күн демалады
- Наурыз тойлана ма? Алматыда карантин шаралары күшейтіледі
Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"