Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурыз тойлана ма? Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда

Құжатқа сәйкес ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Наурыз және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды.

Қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды cанамағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады.

"Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет, оны Арр Store және Play Market жүктеу үшін қолжетімді; келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мекеменің жауапты қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы.

Қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауға; балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне тыйым салынады.

Бұған дейін қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматының коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа көшкенін хабарлаған болатын. Қалада карантин режимі күшейтіледі. 

Айта кетейік, қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.

 

Талқылау