Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкаға визасыз бару: АҚШ-та қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізіледі ме

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қазақстандықтар үшін визасыз режим туралы келіссөздер әлі жүргізіліп жатқанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзірге, Қазақстанмен визасыз режим туралы келіссөздер болған жоқ. Қазір Вашингтонда жаңа әкімшілік жұмыс істейді, мұндай сұрақтар талқылауда болады, бірақ дәл қазір әкімшілік үшін басқа мәселелер басымдықта болып отыр. Бірақ, бұл біздің келіссөздер жүргізбейтінімізді білдірмейді ",- деді Мозер.

Бұл ретте ол АҚШ визасыз режим енгізуге әлі дайын емес екенін атап өтті.

"Өйткені бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі пандемия кезінде де визалар бойынша өте көп шектеулер бар", - деді елші.

Еске салайық, 2018 жылы АҚШ-қа сапар жасаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экс-президент Дональд Трампқа Қазақстанда америкалықтарға визасыз режим енгізілуіне байланысты"кері реакция" күтетінін мәлімдеген еді.

Талқылау