Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпарат министрлігі алматылық тілшілердің ұсталуын бақылауға алды

Алматыда бүгін Ratel интернет-порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакторлары мен тілшілері қамауға алынды. Құзырлы орындар екі редакцияда да тінту жүргізген. Ал Ақпарат министрлігінен бастап барлық құзырлы орындар болған жайттан хабардар, деп хабарлайды КТК арнасы.

Рателдің бас редакторы Марат Әсіпов, орынбасары Сапа Мекебаев пен журналист Анна Калашникованы және Forbes Kazakhstan журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротиловты тергеуге алып кетіпті. Тілшілердің тіпті үйіне дейін барып тінту жүргізілген көрінеді.

Незігі әлдебір азаматтың жалған ақпарат берді деген арызы бойынша Алматы соты Ratel.kz сайтын бұғаттау туралы шешімді 30-шы наурызда шығарған болатын. Ал бұл жолғы суыт тексерістің себебі әзірге айтылмай жатыр.

Дегенмен, Ақпарат министрлігінен бастап барлық құзырлы орындар болған жайттан хабардар. Мән-жай анықталған соң ақпарат таратуға әуде етті.

«Бұл мәселені жан-жақты қарастырамын. Ақпарат жинап кейін хабарлайтын боламын», – дейді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде көлік прокуратурасына шағым айта келген әйелдің жүрегі ұстап, талып қалды

Алматыда қамауға алынған қырғыз депутатымен байланысқан миллионер ұсталды

Алматыда жас ана дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды

Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім

Талқылау