Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көлік прокуратурасына шағым айта келген әйелдің жүрегі ұстап, талып қалды

Ақтөбедегі көлік прокуратурасына шағым айта келген әйелдің жүрегі ұстап, талып қалды. Өйткені құқық қорғау органының қызметкерлері онымен бірге келген бір топ адамды қабылдаудан бас тартып, ішке кіргізбей қойған. Науқас ана ақыры арызын айта алмады. Шетелге заңсыз газ сатты деп айыпталған оның ұлы мен тағы 6 адамды бір ай бұрын қалалық сот ақтаған еді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Олардың контрабандаға қатысы барын дәлелдей алмады. Әйтсе де, прокуролар қарсылық шағым түсіріп, түрмеге жаппай тынбаймыз деп отыр.

Ақтөбенің газ бекеттеріне көгілдір отын тысамалдайтын төрт жүргізуші мен «Голд степ» компаниясының үш қызметкерін былтыр мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері ұстаған еді. Оларға Ауғанстанға газ сатты деген айып тағылды. Кейін алты ай тергеліп, бес ай бойы сотта қаралған істе еш дәлел табылмады. Ақыры судья айыпталушылардан кешірім сұрап, тергеу жүргізгендерге ескерту жасады.

“Шетелге қалай шығады? Кедені бар тексерген. Неге мойындарына қиып салады? Болмаған нәрсені неге болды қылады? Әділдік қайда? Баланы емес, мені жапсын!” – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Жұмагүл Есенова.

Енді құқық қорғау органдарының өкілдері олардың ақталғанын құптамай, қарсы шағым түсірген. Түрмеге жаппай тынбаймыз деп отыр. Бұған наразы топ көлік прокуратурасына жетті.

“Ешқандай бір тиын жазығы жоқ баламыздың. Қалтасына сала ма жалаңаяқ механик? Үйі де жоқ төбесінде”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алтын Зұлмағанбетова.

Арызын айта келгендерді прокуратурада құшақ жая қарсы алған ешкім болған жоқ. Керісінше қарулы күзетшілер қабылдауға кіргізбей қойды.

Айқайға шыдамаса керек, көлік прокуроры Абылайбек Орбаевтың өзі шықты. Ол шағымдана келгендердің мысын баспақ болды. Прокурор сот үкіміне қарсылық шағым түсіргенін жасырмады. Бірақ 7-і адамның ақталғанына не себептен келіспей отырғанын ашып айтудан бас тартты. Ал газ ұрлады деп айыпталған жүргізушілердің өздері олардың бұл қылығына түңіліп отыр.

Көлік прокурорының қабылдауын күтіп, ғимараттың кіре берісіндегі қуықтай бөлмеде елуге жуық адам қамалып тұрды. Оларды ақыры ішке аттатпай қойды. Бұған жұрегі шыдамаған науқас ана сол жерде есінен танып қалды. Артынша жетпістен асқан әжейің қан қысымы көтеріліп, екеуіне жедел жәрдем шақыртуға тура келді.

Талып құлаған әйелдерді ақыры жедел жәрдем алып кетті. Ал прокурорлардың қарсылық шағымын облысық сотың қашан қарайтыны белгісіз. Өйткені процесс уақыты әлі нақтыланбаған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда қамауға алынған қырғыз депутатымен байланысқан миллионер ұсталды

Алматыда жас ана дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды

Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім

Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға бөлек мектеп ашылуы мүмкін

Талқылау