Ақмола облысында 18 жастағы бозбала суға батып кетті
Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны Нұра өзеніне шомыламын деп суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға 13 мамыр күні сағат 17:00-ге таман орын алған. 18 жастағы жігіт Сабынды ауылының маңындағы Нұра өзеніне шомылмақшы болған. Өкінішке орай, бозбала суға батып кетіпті.
«Судан іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы тартылды. Бүгін мамырдың 14-де таңғы сағат 07:44 шамасында оның денесі табылып, жағаға шығарылды. Анықталғандай, оның үстінде жеке құтқару құралы болған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы жігіт суға батып бара жатқан қызды құтқарғаны айтылған болатын.
Қазақстандық әйел дәрігерлерді жүктілігін анықтай алмай, жатыр түтігін жарып алды деп айыптады
Әйел басқа ауруханаға барғанда ғана бастапқы дәрігерлердің диагнозды қате қойғанын білген
Қазақстандық әйел пәтерақысын бірнеше ай төлемеген жалға алушыны үйінен шығара алмай отыр
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"