Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Бойжеткен бір тәулік бойы Ақмола облысындағы ұлттық табиғи саябағының орманында жалғыз өзі адасып жүрген, деп хабарлады Stan.kz ақпараттық агенттігі  ІІД-не сілтеп.

Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Ведомставаның мәліметі бойынша, 12 мамырда 29 жастағы Астана тұрғыны Еременов аудандық полиция бөліміне жүгінді.

«Қала тұрғыны сүйіктісімен Ерементау ауданындағы «Бұйрытау» ұлттық табиғи саябағының аумағына демалуға келген екен. 11 мамырда, кешке таман екеуінің арасында жанжал туып, оның сүйіктісі белгісіз бағытқа кетіп қалған», – дейді полиция бөлімшесіндегілер.

29 жастағы жігіт ұрыс үстінде кетіп қалған қызды өзі іздеуге тырысқанымен, бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Содан ол полиция бөлімшесіне келіп, көмек сұраған. Қызды іздеуге полиция бөлімінің бірнеше тобы мен орман қызметкерлері де қосылған.

«Жоғалып кеткен қыз Балықты ауылынан бір жарым шақырым жерден табылды. Ол адасып кеткен екен. Бойжеткеннің денсаулығына алаңдайтындай еш қорқыныш жоқ. Ол түнде жаурап қалмас үшін жүгірген көрінеді», – деді ІІД.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Ақтөбеде облыстық әкімдікке көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз Қызылордадан табылды

Толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын әбігерге салды (видео)

Талқылау