Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын әбігерге салды (видео)

Алматыға жаңбыр жауып, қала қайтадан Венецияға айналды. Екі күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан көшеде ағын ағып, аулаларды су басып кетті. Халық жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, тіпті мүмкін емес деуде.

Алматы тұрғындары қаладағы жаңбырдан аяқ алып жүргісіз жерлерді суретке түсіріп, наразылық білдіруде

Су басқан көшелерде таңертеңнен бастап кептеліс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматылықтар халықтың су тосқауылдарынан қалай өтіп жатқандарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялауда. Кейбір оқырмандар біреудің жаңбырда қиналып жүргенін суретке түсіретіндерді айтып, өз пікірлерін білдіруде. Ал, басқалары бұл табиғи құбылыс екенін ескертіп, оған ешкімді кінәламауға шақыруда.

«Әкімшілік не қарап отыр. Жыл сайын осы жағдай қайталанады. 19 млрд теңгені далаға шашпай қалаларға бөліп берсін»,-дейді оқырмандар.

«Бұл қоқыстарды арықтарға тастағанның салдарынан. Қалалық билік бұл мәселені шешпейді. Сондықтан әрбір Алматы тұрғынында резеңке етік болуы керек»,-деген желі қолданушылар.

«Біздің ойлау қабілетіміз, ақылымыз соншалықты төмен! Барлығы видеоға, суретке түсіріп, «душ, өзен, қайық» деп жазып қойған. Ары қарай не болды. Адамдар – бұл табиғи құбылыс! Осының бәрін қалай өткереміз, бір-бірімізге көмектесейік деудің орнына қайдағы жоқ сөздерді жазасыздар. Қолына баласын көтеріп алып, балабақшаға апара жатқан әйелді көріп отырсыз. Оның қолындағы қолшатырды көтеруге немесе ұстауға көмектеспейсіңдер ме, құры сөзбен басқалардан мін іздегенше. Болмаса іші қоқысқа толып қалған, таза емес арықты көрсеңіз, барып тазалаңыз. Егер кем дегенде бір адам өзіне немесе басқа адамдарға көмектессе, онда бұл табиғи құбылысты да басымыздан өткеру оңайырақ болады! Мұнда бір Байбек немесе билік көмектеспейді! Кішкене кеңірек ойланайық!»,-деген пікір жазған оқырман.

Алматы решил искупаться в душе ⠀ На мегаполис обрушились дожди и город вновь стал похож на Венецию. По улицам бежит вода, наводняются дворы, топит пешеходные переходы. Огромные лужи были сняты на видео по проспекту Абая – Алтынсарина до улицы Жандосова. ⠀ В городе прогнозируется три дня осадков с переменной облачностью. Температура будет около +19°…+23° днем. 16 мая ночью ожидается понижение температуры до +7°…+9°. ⠀ А как справляетесь вы? ⠀ 📹 @myepishko | #almaty_city

Публикация от Алматы | Almaty (@almaty_city)

Тағы да оқыңыз:

Қарағандылық домырашы қыз Прагада өткен «Таланттарға сәлем» жобасының жеңімпазы атанды

Павлодарлық оқушы Сербияда өткен математикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматының отбасы табылды (видео)

ОҚО университетінде лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді

Талқылау