Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Ақмола облысында марихуана шегіп алып, қызметтік көлік жүргізгені үшін ұсталған Жақсы ауданының бас сәулетшісі бүгін қызметінен кетті. Ол  құрылыс және сәулет бөлімін 8 ай ғана басқарған екен. Жол полицейлері Қанат Аханбаевты наурыздың 23-і күні қызметтік көлігімен келе жатқанда тоқтатқан. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Өзін біртүрлі ұстаған шенеунікті сот-медициналық сараптамаға жіберіпті. Сөйтіп, оның қанынан есірткі анықталған. 29 жастағы сәулетші Жақсы ауданында бұған дейін коммуналдық шаруашылықты басқарған. 3 жыл мемлекеттік қызмет атқарған Аханбаевтың бұл ісін Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесі қарап, оны қызметінен кетіру туралы аудан әкіміне ұсыныс жасады. Көлік жүргізу куәлігінен 3 жылға айырылған азамат жылы орнымен де осылай қош айтысты.

«Жасаған әрекетім үшін өкінемін. Есірткіні өмірімде бірінші рет татып көріп едім. Астанадан достарым алып келген»,-дейді Жақсы аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы Қанат Аханбаев.

Оқи отырыңыз:

Қарақшылық шабуыл: Ақтөбе облысында қаскөйлер жүк тасып жүрген жүргізушіні өлтіріп кетті

Тау көшкіні: Көлсайға жақын тұратын жұрт үйлерін тастай қашып жатыр 

2018 жылы қазақстандық түлектердің бітіру кеші қашан болады

Талқылау