Ақмола облысында ер адаммен бірге түн өткізген екі қыз оны тонап кетті
Ақмола облысының полицейлері 43 жастағы ер адамды өз пәтерінде тонап кеткен екі қызды ұстады.

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
Оның сөзінше, көшеде екі қызбен кездейсоқ танысып қалғаннан кейін ер адам оларды өз үйіне шақырған. Уақытты жақсы өткізгеннен кейін пәтер иесі ұйықтап қалады. Сол кезде қыздардың бірі оның қалтасындағы ақшаны ұрлап алады. Сосын ақшаны бөлісіп, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған. Келесі күні ақшасы жоғалғанын білген ер адам полицияға хабар берген.
“Полиция қызметкерлері іздеп, 25 және 33 жастағы екі тұрғынды ұстады. Құқық қорғаушылар ер адамға ақшасының бір бөлігін ғана қайтарды. Қалғанын күдіктілер жеке қажеттіліктеріне жаратып қойған”, – деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді