Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)
Ақмолалық полицейлер Целининград ауданында итті сабаған жасөспірімдердің тұлғасын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысындағы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
24 тамызда әлеуметтік желі мен БАҚ-та балалардың итті сабап жатқан видеосы тарады. Видеоролик авторының сөзінше, оқиға Талапкер ауылында орын алған.
Полиция департаментінде осы видео зерттеліп, күдіктілердің тұлғасы сол күні-ақ анықталды.
Целининград ауданындағы ювеналды полиция қызметкерлерінде бар мәліметтен, 22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі. Ит жасөспірімдердің біреуіне тиесілі. Ұлдардың итке көрсеткен қатыгездігіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны кедергі келтіріп үлгерді.
Полиция қызметкерлері жасөсіпірімдерге ата-аналарының көзінше жануарларға қатыгездікпен қарауға болмайтыны жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқық бұзушылар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, ата-аналарына ӘҚБТК-нің 127 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау), 1 бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.
Жасөспірімдердің отбасы құқық бұзбаған қарапайым қазақстандықтардан құралған.