Ақмола облысындағы қарттар үйінде 36 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Ақмола облысында коронавирус жұқтырған екі адам қаза болған "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 36 адамға жасалған сынаманың нәтижесі олардың індет жұқтырғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруға шалдыққандардың арасында қарттар үйінің бір қызметкері де бар.
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты.
Орталықта барлығы 148 қария орналастырылған. Олардың орташа жаcs 75-ті құрайды екен.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелгені жайлы айтылған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар