Браконьерлер қолынан қаза болған инспектордың артында 5 баласы қалды
«Охотзоопром» РМҚК-ның қаза болған инспекторы көпбалалы әке болып шықты. Оны мерт қылған қылмыскерлер әлі табылған жоқ.
Қылмысты тергеу ІІМ басшылығының бақылауында. Қорықшының өліміне қатысты оқиғаға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы тапсырма берді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Ақмола облысына «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторларын анықтау үшін қылмыстық полиция департаменті басшысының орынбасары басқаратын орталық аппараттың бір тобы Ақмола облысына жіберілді.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда, оларға жеке құрам тартылып, қосымша полиция бекеттері орналастырылған.
Оқиға орнының қашықтығына байланысты тікұшақтар тартылып, аумақ тазартылуда.
Қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 43 жастағы Қаныш Нұртазиннің артында 5 баласы мен әйелі қалды. Оның 4 қызы мен 1 ұлы бары анықталды.
Қаныш Нұртазин 1976 жылы 24 қаңтарда туған. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылында тұрды.