Ақмола облысында жол апатынан мерт болған азаматтың отбасы жағдайға полиция қызметкері кінәлі екенін мәлімдеді
Желіде Ақмола облысындағы апаттан қаза тапқан ер адамның қызы мәлімдеме жасап, іс бойынша жалған ақпарат таратылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұмның қызы Instagram-парақшасында 17 маусым күні Новочеркасское ауылында апат болғанын жазады.
Әкесі әпкесінің жерлеу рәсіміне барған. Айтуынша, ер адам жол жиегінде тұрған өзінің көлігін қайта қоюға шыққан, кенеттен оған Volkswagen Polo соқтығысқан. Рөлде мас полиция қызметкері болды деп жазады.
"Жүргізуші жоғары жылдамдықпен жүріп, әкемнің көлігін, бағананы бұзды да, соның кесірінен өрт шықты. Әкем жан сақтау бөліміне түсті. Біз сыртқа шығып, не болғанын түсінбек болған кезде, С.Р. есімді жүргізуші формасын өзгертіп, мемлекеттік нөмірді алып тастады және бұл үшін оған ештеңе болмайтынын айтты. Полиция қызметкерлері оған ештеңе істей алмады, тіпті талдау жасамады. С.Р.-ның әкесі – беделді адам", – деп жазды қыз.
Volkswagen Golf жүргізушісінің қызының айтуынша, БАҚ құралдары оның әкесін кінәлі етіп, жол бермеген, сонымен бірге жанында бірге жолаушы болған деген жалған ақпарат таратыпты.
"Бейнежазбада қыз әкемнің көлігінен емес, Polo-дан шыққан анық көрінеді, әрі ол да мас. Істі тоқтатуға тырысуда! Жүргізуші түк қысылмай отырды, тіпті кешірім сұраған жоқ. Менің әкем мерт болды", – дейдіол.
Бұған Ақмола облысының полиция департаменті жауап беріп, апат 17 маусымда Астрахан ауданының аумағында болғанын растады.
"Аталған факті бойынша ҚК ЖҚЕ бұзу туралы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның ішінде алынған қан үлгілері бойынша химиялық-токсикологиялық зерттеу тағайындалды", – деп түсіндірді ПД.
Бұған дейін полиция Volkswagen Golf жүргізушісі солға маневр жасау кезінде полиция қызметкерінің басқаруымен келе жатқан Volkswagen Polo көлігіне жол бермегенін хабарлады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік