Ақмола облысында Toyota жүргізушісі көшедегі сатушы екі әйелді қағып кетті (видео)
Ақмола облысында Toyota маркалы көлік жүргізушісі екі көше саудагерін қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолының 208 шақырымында орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, 25 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жолдағы көлік қақтығысын болдырмау үшін, жолдың жиегіне шығып кеткен. Алайда сол маңдағы 35 және 40 жастағы тәтті тосап сатып тұрған екі саудагерді барып соққан. Жарақат алған азаматшалар Бұланды аудандық ауруханасына жеткізіліпті.
Көліктің ішінде жүргізушіден бөлек тағы үш жолаушы отырған, олар жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шекпеді.
Оқиға орнында ол пайдалану учаскесінің, Бурабай аудандық полиция қызметінің жедел-тергеу тобы мен Тұлпар-9 жол-патруль қызметкерлері жұмыс атқаруда.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі