Ақмола облысында теміржол рельстерінен студенттің мәйіті табылған
6 қазанға қараған түні Щучинск қаласындағы теміржолда жігіттің мәйіті табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі tirazh.kz Instagram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Роман Бодаговтың денесі Бурабай-Жамантұз курорты аралығындағы теміржол жолдарынан табылған. Ол жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті еді.
Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
8 қазанда Щучинск, Откел көшесі (Вагонная), 56 мекенжайы бойынша марқұммен қоштасу рәсімі өтеді. Денені сағат 13:00-де алып кетеді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі