Ақмола облысында өзінің жалаңаш суреттерін желіге жариялаған ер азамат ұсталды
Өзінің ұятсыз суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған Ақмола облысының тұрғыны істі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Биылғы жылғы маусымның 26-да Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері әйелдерге қызмет ұсына отырып, өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратумен және жарнамалаумен айналысқан облыс орталығының тұрғынын анықтады. Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы "порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", – делінген ПД хабарламасында.
Ер адам өз кінәсін мойындаған. Белгілі болғандай, жас жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырған.
Ер адамнан оның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ