Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші екі полицейдің өліміне себепші болды

Щучинск қаласында болған жол апатынан екі полицей қаза тапты. Қызметтік көлікті қаққан күдіктінің жеке тұлғасы анықталды, ол бұрын бірнеше рет сотталған және 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 15 қазан күні Ақмола облысының Щучинск қаласында Абылайхан - Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған

"Мебелин" дүкенінің жанында "Lexus NX20" автокөлігінің жүргізушісі Абылайхан көшесінің Сейфуллин көшесімен қиылысында қозғала отырып, Бурабай ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің "Lada-21214" қызметтік автокөлігімен соқтығысқан", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Қызметтік автокөлікте болған Бурабай ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттардан жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды. Қаза тапқан қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындап жүрген және жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан.

Күдіктінің жеке тұлғасы анықталды, ол бұрын бірнеше рет сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған, Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқару адамдарымен көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде", - деді ведомствода.

Талқылау