Ақмола облысында қаңтар оқиғасы кезінде жалған ақпарат таратқан белсенді сотталды
Ақмола облысы Шортанды аудандық соты 12 тамызда белсенді Айя Садуақасоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелге "жалған ақпарат тарату" және "тыйым салыған ұйымға қатысу" бойынша айып тағылған.
Іс материалдарына сәйкес, Айя Садуақасова қаңтар оқиғасы кезінде наразылық пен тәртіпсіздіктерді басу әдістері жайлы аудиохабарлама таратқан. Тергеу кезіндегі тінту барысында Ақмола облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі екінші істі анықтады, яғни әйелдің компьютері мен ноутбугынан "Көше партиясы" және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымдарының әрекетіне қатысу белгілері" табылған.
Бір апта бұрын әйел үй қамақтан тергеу изоляторына ауыстырылды. Белсенді қос бап бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды