Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура қаңтарда ұсталғандарды полицияның үтікпен азаптағанын дәлелдеді

Бас прокуратура Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде үтікпен адамдарды азаптау фактісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Жәбір көргендердің саны екі адамға азайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арнайы прокурорлар биыл 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматтың азапталғаны дәлелденді. Оларды үтік басып қинаған.

"Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды. Соның ішінде криминалдық полиция басқармасының 3 қызметкері, әкімшілік полиция басқармасының бір инспекторы және арнайы жасақтың бір қызметкері бар", - делінген ресми хабарламада.

4 тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазіргі кезде азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Айта кетері, бұған дейін бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылғанын айтқан.

Сол кезде жауапқа тартылған бес полиция қызметкерінің үшеуі өз кінәсін мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы ("азаптаулар") бойынша 5 000 айлық есептік көрсеткішке (15 900 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.

Ал адамдар тобы немесе денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiргені үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Бұдан бөлек, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысуға үш жылға дейін тыйым салынады.

Талқылау