Ақмола облысында белгісіз біреулер мемлекеттік орган ғимаратын өртеп кеткен
21 сәуір күні түнде белгісіз біреулер Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік ғимаратты өртеп жіберді. Шығын сомасы 6 миллион теңгені құрады. Полиция өрт қою фактісі бойынша тергеу бастады, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өртті Аршалы ауданының төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері оқшаулады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратында өрт болғанын анықтады. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр.
Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға болған жерді тексеру барысында ерекше иісі бар 3 литрлік шыны ыдыс, пластиктен жасалған зат тәркіленді. Қазір полиция өрт дерегіне қатысы бар азаматтарды іздестіріп жатыр.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"