Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкімдік есепшісі өзіне 20 млн теңге жалақы аударған

Ақмола облысындағы ауылдық округі әкімдігінің есепшісі 20 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Целиноград аудандық сотының мәліметінше, айыпталушысы С. қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап еткен. Ол 2018 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қазаны аралығында әкімдердің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, штат кестесінде белгіленген мөлшерден асыра өзінің жалақысына жалған мәліметтер енгізіп отырған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, көрсетілген кезеңде сотталушы өзінің банктік шотына 20 млн теңгеден астам жалақы аударған.

Мемлекетке келтірілген залалды С. қылмыстық істі тергеу сатысында толық көлемде өтеді.

“Жаза тағайындауда сот, сотталушының жеңілдететін мән-жайлары ретінде жас балалардың болуын және залалды ерікті түрде өтелгенін есепке алды. Сот үкімімен айыпталушы С. мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау