Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысы Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қаза тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов жол апатынан көз жұмды. Бұл ақпаратты өңір әкімдігі растады.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жердегі Екатеринбург-Алматы автожолында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF маркалы автокөліктің жүргізушісі, Орал тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-21214 маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Оның рульінде Державинскінің 51 жастағы тұрғыны болды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "көлік құралын абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге және адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұза отырып жүргізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

DAF автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау