Ақмола облысында абақтыдағы азамат телефон жұтып қойғаны анықталды
Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сүйенсек, билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентген-жабдықтар арқылы өту кезінде тыйым салынған зат бар екені анықталды. Сотталушы ұялы телефон қалтасында емес, асқазанында екенін айтты.
"Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см «Nokia» телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"