Ақмола облысында 21 жастағы жігіт тоғыз күннен бері табылмай жатыр
Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалған 21 жастағы жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, 2002 жылғы ұлы Рахман Жасланұлы Божантаевты іздеуге көмек сұрады.
Ер адамның сөзінше, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа барып, ол жақтан 13 ақпанда қайтып кеткен, содан бері хабарсыз.
Жоғалған жігіттің бойы 170-175 см, дене бітімі арықша келген, шашының түсі қара.
Іздеу жұмыстарына Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды.
Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар дереу 87786453579, 87028779255, 8(7162)257805 телефон нөміріне немесе 102 желісіне хабарлассын.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді