Қазақстанда 14 жастағы қызының жүкті екенін жасырған әйел сотталды
Ақмола облысында кәмелет жасқа толмаған қызының жүктілігін жасырған әйел сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pinterest.com
Соттың мәліметінше, әйел 2023 жылдың сәуірінде өзінің 14 жастағы қызының 20 жастағы А. есімді азаматтан жүкті екенін білген. Әйел полицияға жүгінудің орнына қызына жасанды түсік жасататын дәрілер сатып алған. Алайда дәрілер жүктіліктен арылуға көмектеспегендіктен, әйел қызын жасанды түсік жасату үшін Астанадағы жеке емханаға әкелген.
Жеке емханадағы дәрігер-гинеколог жасанды түсік жасаудан бас тартып, оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Түркістан облысында 7-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалды
“Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және асырауында екі кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, сот үкімімен сотталушы К. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген сот хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда екі мыңнан астам жасөспірім қыздың жүкті болғаны туралы жазған едік.